Жас ұлан
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы
М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
аға тәлімгері Кенжеева Қаламқас Төленқызы.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты жиынының
Тақырыбы:
Республикалық «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдауға арналған жиынның бағдарламасы
Мақсат: 1. «Жас Ұлан» балалар ұйымына деген мақтаныш пен қуаныш сезімдерін тәрбилеу.
2.Оқушылардың патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік жалауды, ұйым туымен галстукы мен төс белгісін құрметтеу, сезімдерін қалыптастыру.
3.Салтанатты жиынның іс- жүзінде өткізілуін көрсету.
4. Ұйымның жаңа рәміздерін, дәстүрлі әсем көріністерін көрсету.
5. Оқушылардың ертеңгі күннің қуанышты істеріне деген сезімдерін қалыптастыру
.6. Оқушылардың әр кез қуанышты әсерлі салтанатты көңіл күйде болуына жағдай жасау.
Құрметті: ұстаздар, ата-аналар және оқушылар.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл толуымен құттықтаймыз сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, құшақтарыңызға гүл сыйлаймыз.
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> «Жас Ұлан» Түзел, Тік тұр!
2.Әр сынып топ басшылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жыл толуына орай және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүше болып қабылдануға орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға рапорт беруге дайындалыңыздар. 4 сынып Біздің топ: «Жалын»
Біздің ән: «Көк тудың желбірегені»
Біздің ұраны: «Ел болашағы білімді ұрпақ»
5 сынып Біздің топ: «Жаңа ғасыр жастары»
Біздің ән: «Атамекен»
Біздің ұран: «Отан,Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтемін»
6 сынып Біздің топ: «Қазақстан»
Біздің ән: «Саржайлау»
Біздің ұран: «Жасай бер, Жаса Қазақстан»
7 «а» сынып Біздің топ: «Әділет»
Біздің ән: «Мерекем»
Біздің ұран: «Ынтымағы ұйыған елдің, еңсесі биік»
7 «ә» сынып Біздің топ: «Жас қыран»
Біздің ән: «Байтақ елім»
Біздің ұран: «Жас қыран биікке самғайды
Қанаты оның талмайды» тағы басқа сол сияқты
Құртетті мектеп директоры Б.Кенжебаев мектеп оқушылары
«Жас Ұлан» балалар ұйымына мүше болып қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын сапқа тұрғызылды.
Қазақстан Республикасы Туын енгізіліп, жиынды бастауға рұқсат етіңіз.
Салтанатты түрде ұйым жалауы енгізіледі. Ту ұстаушы 3 баладан тұрады. (1 ұл бала, 2 қыз бала).
Сап жүргізуші: Қазақстан Республикасының Туы жиынға кіргізілсін. Туға қарап түзеліңдер. (Әнұран орындалады).
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Ел таңбам кірді әлемге танылды анық.
Шырқадым Әнұранды бар дауыспен,
Арманым ата –заңым қабылданды.
Әр сынып топ басшылары рапорт беруге дайындалыңыздар.
Сардар: «Жас Ұлан» Түзел Тік тұр! (Тәлімгерге саптық қадам мен жүріп келіп баяндайды.)
-Мектеп тәлімгері «Жас Ұлан» Республикасы балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданатын оқушылар сап түзеп тұр!
Тәлімгер: -Еркін тұр! Сардар:- (Сапқа бұрылып) Еркін тұр!
«Жас Ұлан» Түзел Еркін тұр! Рапорт қабылданды.
1.Ант беруге дайындалыңыздар!
Ант беріледі.
Оқушылар аты- жөнін өздері бір бірлеп айтып шығады.
Ант етеміз! Ант етеміз!, Ант етеміз! деп оқушылар хормен айтады.
Жүргізуші : «Біз......................»
Оқушылар қолдау көрсетеді: «Жас Ұлан»
Жүргізуші : ұранымыз...........................
Оқушылар қолдау көрсетеді: «Қазақстан Нұрсұлтан-
Жас Ұлан» 3 рет
«Жас Ұлан» Түзел,Тік тұр!
Қазақстан Республикасының Туы жиыннан шығарылсын.
(Әнұран орындалады)
«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы жиыннан шығарылсын. «Жас Ұландар» әні орындалады.
Құттықтау сөз кезегі: Кенжебаев Бақыт ағайға беріледі.
Осымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігімізге-25 жыл толуына арналған салтанатты мерекелік жиынымыз аяқталды. Келіп,көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастырумен
« Мерейлі елім-Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік іс-шарасымен жалғасады.
Құрметті: ұстаздар, келген қонақтар,және оқушылар!
Тәуелсіздік күніне арналған «Мерейлі елім –Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. «Елу жылда ел жаңа» демекші,өмір 25 жылда біраз өзгеріске ұшырады,нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзіп, өркенниетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі- мына бүгінгі балалар, сендерсіңдер. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
«Бодандықтан құтқарам» деп елімді
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Жылдар бойы бостандықтан шөлдеген,
Халқым менің не қасірет көрмеген?!
Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткен мереке құтты болсын!
9 «а» сынып Сапарова Бақытжамал.
Тәуелсіздікке арналған өлең өз шығармасынан.
Тәуелсіздік.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың
Азболған жоқ азап шеккен қыздарың
Қаншама адам опат болды сол сәтте
Күйініштен ауырады жүрегім
Қажымас қайрат нар тұлға,
Төгесің ғой теріңді сен халқыңа
Адалсың ғой әрқашанда антыңа
Қол бастайтын көсемсің ғой болашақта.
Тәу етер Тәуелсіздік күні бүгін
Оңай жолмен келген жоқ «Ойбай» бұл күн
Бұл күнді ешқашанда ұмытпайыз
Қазақтың тойы бүгін дүркін-дүркін.
Тәуелсіздік арман болды халқыма
Қазақ деген қазақ деген атына
Бүгінде Тәуелсіз ел болғаныма
Рахметімді айтамын бір Аллама!
Ән: «Байтақ елім»орындайтын 8 сынып оқушысы Тұрлыбек Жансая
Барлығы: Еліміздің мерейлі мерекесі құтты болсын! Тәуелсіздігіміз қырандай қалқып мәнгі жасай берсін! (Сахнаға қолдарына шар мен жалауша ұстаған, қазақша киім киген оқушылар шығып жалаушалары мен шарларын бұлғап тұрады.
Сахнада 5 сынып оқушыларының композициясы: 25 жыл жасау
(Тәуелсіздікке 25 жыл сөзі шығарылады.)
1-оқушы:
Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айырылып күндіз күлкі, түнде ұйқыдан,
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
Би: «Қара жорға»
2оқушы:
Зар- мұңның әні барма сен айтпаған?
Тағдырдың зәрі барма сен ішпеген?
Тербетіп тұрса болды жер-бесігім,
Дәулеттің тілеймін көл-көсірін.
Көз тимей,кірбің түспей қабағыңа
Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!
Осы қазақ халқының жері, болашағы, үміті үшін Желтоқсанда, жас өмірін жалау еткен қазақ қыздары мен ұлдарын, ұлт намысы үшін халықтың ары алдында қайсарлық көрсетіп құрбан болған Ләззат, Сәбира, Ербол, Қайрат есімдерін ешуақытта ұмытпаймыз. Олар біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын 9 «а»сынып оқушысы Әбдәшім Нартай
Жүргізуші: Тілегі бір,тұрағы бір Қазақстан халқы қандай сан алуан болса,олардың өнері де сондай бай. Әсіресе қазақстандық халықтардың би өнері таңдай қақтыралық-ақ. Олай болса сахнада ұлттар биінің негізінде құралған өнерін тамашалаңыздар.
Көз тойғысыз қазағымның жері бар.
Ну орман, тауы,өзен,көлі бар.
Қазағымның елін, жерін қорғайтын
Жас жеткеншек ұланы бар,елі бар.
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира,ұлан-байтақ.
Туған елін,туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз,еріміз
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, зор қуаныш, шаттық тілейміз.
Тәуелсіздігіміз тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз. Назарларыңызға рахмет. Сау болыңыздар.
Дайындаған: Аға тәлімгер Қ.Кенжеева
2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ