Мұғалімдердің ең үздік сабақтары
М. Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Андыз –дәрілік өсімдік
Жаратылыстану секциясы
Орындаушы : 9 сынып оқушысы Ашіл Диана
Жетекшісі : Сахова Бибигул Орынбасаровна
Андыз –дәрілік өсімдік
Андыздың жалпы сипаттамасы
Андыз күрделі гүлділер тұқымдасына жататын шөптектес өсімдік. Көп жылдық болғандықтан тамырынан жылда жаңарып өсіп отырады. Сабағы шөп сабақтас. Гүл сары түсті. Гүл шоғыры себетке жинақталады. Үлкен андыз. Биіктігі 60см -2,5 м аралығында болады. Сабағы тік, қырлы сонымен қатар сабағының сырты түкті және жоғарғы бөлігі жіңішке болып келеді. Төменгі жапырақтары ірі, ұзындығы 15-50 см-ге жетеді, пішіні сопақшалау, жиегі ұсақ тісті. Гүлі сары түсті, себет гүл шоғыры ірі, диаметрі 7-8 см. Жаз мезгілінің маусым, шілде айларында гүлдейді, жемісі 4 қырлы дәнек, сонымен қатар үлпілдек мамықпен көмкерілген. Тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жер асты бөлігі жуан, сабағы бірнешеу. Тамыры мен тамырсабағының құрамында полисахаридтер, инулин (44) және ину-ленин, сапониндер, аз мөлшерде алколоидтер, Е дәрумені (25,5-31,75 мг ) және эфир майларының құрамына голенин немесе алантол камфорасы (алантолактон) және аз мөлшерде алантол мен прсазулен кіреді. Ал андыз жапырағының құрамында ащы зат алантопикр ЕЕ лактоны бар. Тамыры мен тамырсабағы өзіндік бір хош иісімен сондай-ақ тәттілеу-қышқылтым, күйдіргіш дәмімен ерекшеленеді. Андыз өсімдігінің емдік қасиеттері геленин затымен тікелей байланысты. Кіші андыз Биіктігі 30-60 см аралығында болады. Сабағы түзу, сырты түкті. Жапырақтары кішілеу. Гүлі сары түсті, себет гүлшоғыры кіші.Маусым, шілде айларында гүлдейді. Тамыз, қыркүйек айларында жеміс береді. Тұқымы үлпілдек мамықпен көмкерілген 4 қырлы дәнек тамыры жіңішкелеу. Кіші андыз өсімдігінің тамыры зерттелмеген. Бірақ өсімдіктің тамырында эфир майлары бар екені анық. Кіші андыз хош иісті, сонымен қатар тәттілеу, күйдіргіш дәмге ие. Таралу аймағы Қолданылуы Үлкен андыздың медицинада тамыры мен тамырсабағын кең көлемде өте көп пайдаланылады. Өсімдіктің тамырын медицинада «инулин» деп аталатын экстракт ретінде пайдаланады. Ал спиртті тұнбасы қақырық түсіру үшін қолданылады. Үлкен андыздың тамыры өкпе туберкулезіне және тыныс жолы қабынғанда жақсы ем ретінде қолданылады. Сондай-ақ осы өсімдіктен жасалған дәрі түрлі асқазан ауруларына қарсы пайдаланылады. Халықтық медицинада сулы тұнбалары, спиртті ерітінділері және шөп ұнтақтары тыныс жолының қабынуына, асқазан мен ішек жолдарының ауруларына қарсы, тәбет арттыру үшін және сары ауруға қарсы қолданылады. Сыртқы қышымаларға, теміреткілерге және қотырға да пайдаланылады. Сондай-ақ қан тоқтату үшін ішек құрттарын шығару үшін де қолданылады. Ал кіші аңдыз халықтық медицинада кеңінен танымал. Оның тамыры мен тамырсабағын және жапырағын пайдаланады. Кіші андыздың тамырынан жасалған дәрі қақырық түсіру үшін, цингаға қарсы және түрлі қотырларға, қышымаларға, теміреткілерге және бөрткендерге қарсы қолданылады. Ерте кезде қан тоқтату үшін және құтырған ит қапқанда уын қайтару үшін жапырағын денеге тартқан. Болгар халқының халықтық медицинасында қара андыз тамырынан дайындалған тұнбаны жүректің тез соғуына, бас ауруларына, талма ауруларына, көк жөтелдерге қарсы сондай-ақ әйелдердің мезгілінен ерте босануының алдын алуға халықтық медицинасында андыз қолданылады. Тамырын жылқыда болатын сап (маңқа) ауруына қарсы қолданады.
ЖАСАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛЕР
1-тәжірибе. 2 литрлік банкіге толар-толмас (алкогольді) спиртті құйып, 2 кесек андыз тамырын салдым. 1 апта ішінде ештеңе байқалған жоқ. Яғни спирт түсі мөлдір қалпында сақталды. 1 аптадан кейін қоңырқай түсті дәрілік тұнба түзілді. Уақыт өте келе андыз тамырының тұнбасы қызыл түске айналды.
Нәтижесі: андыз тамыры спиртте неғұрлым көп тұрған сайын дәрілік тұнбасының шипасы соғұрлым арта береді.
2-тәжірибе. андыз тамырын жабық қақпақ астында бөлшектеп суға қайнаттым. Бірінші қайнатқанда судың түсі сәл-пәл сарғылт тартты. Екінші рет қайнатқанда қызыл түске өзгереді. Осы қайнатындыны үшінші рет қайнатқанда қызыл түстен күлгін түске айналды. Ал төртінші қайтара қайнатқанда күлгін түс жасыл түске айнала бастады.
Нәтижесі:андыз тамырын суда жоғарғы температурада көп қайнатқан сайын, тамырдың ішкі жағынан химиялық заттар бөлініп шыға береді. Қайнатындыны тұмау ауруы кезінде ішкенде әсері жақсы болып, адам тез айығып кетеді. 3-тәжірибе.Құрғақ андыз тамырын еттартқыштан өткіздім. 10 г үгітінді массаға 50 мл спирт қостым.
Нәтижесі:16% ерітінді түзілді.
Ғалымдардың зерттеу жұмыстары Ғалымдардың зерттеулерінде келтірілген деректері осы аталған жағдайларды дәлелдейді. Анненковтың 1878 жылғы дерегіне қарағанда, келтірілген жапырақтарын түрлі жараға басқанда нәтижесі жақсы болған. Ең бірінші андыз тамырының химиялық құрамын анықтаған Ворошеловтың 1941 жылғы дерегінде андыз тамырында: 1-2 пайыз эфир майлары, ащы заттар, инулин, тағы басқа полисахаридтер кездеседі деп жазылған. Әрине, бұл айтылған химиялық заттар сол заманда техниканың дамығандығына байланысты толықтай зерттелінген жоқ. Сонымен қатар кейіннен 1948 жылы Эфир майларының құрамында алантолактан немесе алантол камфорасы барын Гаммерман анықтаған. Орыс ғалымы Павловтың 1947 жылғы дерегінде қазақ халқында андыз тамырын жылқыда болатын сал ауруына қарсы пайдаланғандығы, яғни қолданылатындығы туралы жазылған. Мал шарушылығында бұл өсімдіктің қайнатындысы асқазанның бұзылуына қарсы пайдаланатындығы, сондай-ақ қан тоқтату үшін, ішек құрттарын шығару үшін де қолданатындығы Уткин мен Шараповтың 1951 жылғы деректерінде толығымен жазылған. Ал бұл өсімдіктің құндылығы жайлы Землинский 1949 жылғы дерегінде Ленинградтың фармацевтік институтында үлкен андыздың тамырынан алынған спирттік тұнба импорттық сенега дәрісінен бірде-бір кем түспейтіндігі жайлы жазған. Кіші андыз өсімдігін көп зерттеген және осы жайлы жазған. Уткиннің 1931 жылғы дерегіне қарағанда жер асты сабағынан жасалынған дәрі қақырық түсіру үшін, цингаға қарсы және түрлі қотырға қарсы пайдаланатындығы жазылған. Осындай деректерге қарап андыз өсімдігі сан түрлі ауруға ем екендігін оңай аңғара аламыз. Сондай-ақ басқа да шаруашылық түрлеріне пайдасы орасан зор. Мал шаруашылығында Бұл өсімдіктің тамырының қайнатындысы мал шараушылығында кеңінен қолданылады. Атап айтатын болсақ, деректерде келтірілгендей андыз тамыры қазақ халқында жылқыларда болатын сап ауруына қарсы қолданылған. Сондайақ асқазанның түрлі ауруларына, қан тоқтату, ішек құртын түсіру сияқты ауруларға көп пайдаланған Медицина саласында Андыз өсімдігі медицина саласында кеңінен танымал және көптеп қолданылады. Қолданылатын қырлары: қақырық түсіргіш, дәрумен, тыныс жолы аурулары, ас қорыту жүйесі аурулары, зәр айдағыш, сусамыр ауруы т.б.. Дәрі өнеркәсібіндегі маңызына мысал келтіретін болсақ, бұл өсімдіктің дәрілік қасиеті, жоғары спирттік тұнбалары түрлі ауруларға қарсы қолданылады. Күнделікті тұрмыста Жеңіл өнеркәсіптің әсіресе тамақ өнеркәсібіндегі аспаздық саласында хош иістендіргіш, яғни тағамның дәмін келтіру үшін пайдаланылады. Бал береді. Балық шаруашылында тамыр мен тамыржемісін консервілеу ісінде имбирдің орнына қолданады.
Қорытынды бөлімі.
Адамның бірініші байлығы денсаулық десек, ауырмау үшін салауатты өмір сүру керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде!»