Мектептің тарихы

М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебіміздің тарихы.
М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі 1940 -жылы бастауыш мектеп болып қаланған.1983 жылдан бастап ыңғайластырылған жатақханаға орналастырылған. 1950-1972 жылдар аралығында жоғары білімді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шырынбеков Раймбек, 1972-1994 жылдар аралығында жоғары білімді тарих пәнінің мұғалімі Оразымбетов Сапархан,1994-2004 жылға дейін жоғары білімді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өстемір Пернехан, 2004-2009 жылға дейін жоғары білімді физика пәнінің мұғалімі Нарбаева Жәнки, 2009-2010 жылдары жоғары білімді информатика пәнінің мұғалімі Жолдыбаева Нағима директорлық қызметін атқарды. 2010-жылдан бастап жоғары білімді технология пәнінің мұғалімі Кенжебаев Бақыт мектеп директоры қызметін атқарып келеді.
Директордың оқу ісі орынбасары қызметін 1994-жылдан бастап Шойбек Қарсыбай атқарып келеді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін 2000-жылдан бастап Ерназар Әсия атқарып келеді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін 2016-жылдан бастап Алайдарова Индира атқарып келеді.
Өстемір Пернехан мектеп әлеуметтік педагогы қызметін 2012 –жылдан бері жұмыс жүргізуде.
Исмайлов Жарылқасын мектеп әлеуметтік педагогы қызметін 2016 –жылдан бері жұмыс жүргізуде.
Мектеп оқушылары облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.
7-сынып оқушысы Мыңбай Ұлбосын 2012-жылы ұйымдастырылған «ІІІ- облыстық Махамбет оқуларындағы » жас дарындылар сайысында үздік өнер көрсетіп, 2012-жылдың қыркүйек айында Атырау облысында өткізілген республикалық Махамбет оқуларына қатысып, арнайы сертификат алып қайтты.
8- сынып оқушысы Ғаппар Динара 2013-жылы « І Мағжан оқулары» байқауында танытқан жарқын таланты мен терең ізденістері үшін 2013-жылы Петропавл қаласында ұйымдастырылған республикалық «Мағжан оқуларына» қатысып қайтты.
8-сынып оқушысы Мыңбай Ұлбосын 2014- жылы «Ақберен» облыстық оқулар байқауында үздік өнер көрсетіп, Астана қаласында ұйымдастырылған ақындық пен шешендікке баулитын «Ақберен» республикалық байқаудың «Шешендік өнер» номинациясы бойынша марапатталды.