Ата-аналарға тренинг өткізу » Өтемісұлы ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға тренинг өткізу
15
февраль
2017

Ата-аналарға тренинг өткізу

Сейдуалиева Гулжанат Қанайқызы

М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта

мектебінің педагог - психологы.

Оңтүстік Қазақстан облысы,

 Мақтарал ауданы.

Бала біздің болашағымыз!

Мақсаты: Ата - аналардың перзентеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және қолдау көрсету, психологиялық кеңестер беру. Сонымен қатар ҰБТ - дағы қиындықтарды ескере отырып балаға мақтау мадақтау айту. Балаға жылулық сыйлау.

1 - жаттығу. "Қошемет"

Мақсаты: Топты біріктіру, бірлесіп жұмыс істеуге жағымды күй қалыптастыру.

Уақыты: 5 - 7 минут.

Жүргізу тәсілі: Қатысушылар бір - бірінің қолдарынан ұстап тұрады. Жүргізуші сол жақтағы көршісіне қошемет сөз ойлап тауып, оған айтуды ұсынады. Қошеметтер қайталанбауы керек.

2 - жаттығу. "Сұрақ - жауап"

Мақсаты: Ата - ананың баламен қарым - қатынасын анықтау.

 Жүргізу тәсілі: Әрбір ата - анаға бір сұрақтан беріледі.

1. Ата - ана тарапынан балаңызға кандай қолдау көрсетесіз?

2. Балаңыздың ҰБТ барысындағы қосымша сабақтар дайындығына көңіліңіз тола ма?

3. Балаңыздың ҰБТ тесттін тапсыруға қандай мүмкіндіктер жасадыңыз?

4. Балаңызбен қарым - қатынасыңыз қандай?

5. Балаңызға мақтау мадақтау айтып, еркелетесіз бе?

6. Балаңызбен сырласасыз ба?

7." Бала біздің болашағымыз" деген сөзді қалай түсінесіз?

8. Сіз балаңыздың тест көрсеткіштерінен хабардарсыз ба  және қадағалайсыз ба?

9. Балаңыздың оқу үлгеріміне көңіліңіз толады ма?

10. Отбасының бала тәрбиесіндегі орны қалай?

 

11. Апта сайын алынған әр тест сынағының нәтижесін біліп отырасыз ба, егер білмесеңіз себебі не?

12. Қосымша сабақтың өтілу барысына неше рет қатыстыңыз?

13.Ұлыңыздың немесе қызыңыздың үйдегі дайындығын қалай қадағалайсыз?

14. Сынып жетекшісімен байланыс жасап, үйде жеке тест алдыңыз ба?

15. Сынып жетекшісімен байланысыңыз қандай?

16. Жеке пән мұғалімдеріне ҰБТ бойынша байланыс жасадыңыз ба, қай пән мұғалімдерімен?

3 - жаттығу. "Күн шуағы"

Мақсаты:Балаға ата - ана тарапынан қолдау, мақтау мадақтау жүргізу.

Жүргізу тәсілі: Ата - аналарға күн шуағы салынған суреттер тарқатылады және күннің әрбір шуағына балаңыздың жетістіктерін және болашағын жазыңыз. 

4 - жаттығу. Видео - ролик. "Балаға уақыт бөлейік"

мақсаты: Ата - ана және бала арасында жылу қарым - қатынас орнату.

5 - жаттығу. (психологиялық тест)

 "Қай ағашты таңдайсыз?"

Мақсаты: Ата - аналардың әр ағашына қарай мінез құлқын анықтау.

  Жүргізу тәсілі:   Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.  Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.

 

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.

 

Дайындаған:                                /Г.Сейдуалиева/

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив