Қыркүйек айының 5-10 аралығында өткізілетін республикалық «Отбасы - бақыт мекені» атты апталығының Жоспары.
Бекітемін:
Мектеп диреторы:
___________Кенжебаев Б
«___»_____2016жыл
Қыркүйек айының 5-10 аралығында өткізілетін республикалық
«Отбасы - бақыт мекені» атты апталығының
Жоспары.
№ |
Жұмыстың мазмұны |
Өткізу формасы |
Мерзімі |
Қатысушылар |
Жауаптылар |
1 |
«Отбасы-бақыт мекені» апталығының ашылуы |
жиын |
5.09.2016 |
Ата-аналар,ұстаздар оқушылар |
ДТІЖО И.Алайдарова |
2 |
«Отбасы-өмірдің мәні» |
баяндама |
6.09.2016 |
9-10-11 сыныптар |
Датқаева А. |
3 |
«Менің бақытты жанұям»
|
Сурет көрмесі |
6.09.2016 |
5-6-7 сыныптар |
Жармаханбетова |
4 |
«Құрмет –берік отбасының негізі» |
Ашық сабақ |
7.09.2016
|
3сынып |
Қожабаева П. |
5 |
Ата-ананы құрметтеу, адамзаттың борышы. |
кездесу |
8.09.2016 |
Ата-аналар қауымдастығының төрайымы |
Мырзахметова Ш Кенжеева Қ
|
6 |
«Дені саудың –жаны сау» |
Спорттық отбасылық эстафета |
8.09.2016
|
5-9 сыныптар |
Байбусинов А. |
7 |
«Жанұясыз адам-бұл тамырсыз,сабақсыз, Жапырақсыз және жеміссіз ағаш» |
трениг |
9.09.2016 |
Ата-аналар |
Сейдуалиева Г. |
8 |
«Шығармашыл отбасы» |
Әдеби поэзиялық кеш. |
10.09.2016
|
Ата-аналар оқушылар |
Құттыбекова К, Арапова М, Мұратов Қ. |
Дайындаған ДТІЖО: Алайдарова И.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (08.08.2016ж
№18-6(1050) Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен бекітілген
2016жылғы 5-10 қыркүйек аралығында
«Отбасы –бақыт мекені» атты республикалық апталықтың
М.Өтемісұлы атындағы орта мектебінде өткізілгені туралы
мәлімет.
Апталықтың жоспары бойынша 5.09.2016ж күні ДТІЖО И. Алайдарова ұстаздар, ата-аналар, және оқушылардың қатысумен апталықтың ашылуын жариялап, жиын өткізді. 9-сынып жетекшісі А.Датқаева «Отбасы-өмірдің мәні» тақырыбында баяндама оқыды. Жоғары сынып оқушылары баяндама мәтіні бойынша өз ойларын ортаға салды. Барлық бала өз отбасымен мақтанады және отбасы өмір қуаты екенін баяндама барысында айтып өтті.
5,6,7 сыныптар арасында бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі М.Жармаханбетова «Менің бақытты жанұям» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар отбасының ең бақытты сәттерін параққа түсіріп, отбасы мүшелерінің көңілді бейнелерін суреттеді.
Апталық жоспарының мерзімі бойынша 3-сыныпта «Құрмет-берік отбасының негізі» тақырыбында ашық сабақты сынып жетекшісі П.Қожабаева өтті. Тақырып аясында көптеген тақпақтар айтылып отбасының тіректері ата-анаға ,әжеге аға –бауырға арналған ізгі тілектері оқушылар айтып өтті.
Мектебімізде ата-аналар қауымдастығының төрайымы ,ардақты анамыз Мырзахметова Шеберкүл сайланған. Қыркүйектің 8 күні Ш.Мырзахметова анамыз 11- сынып оқушыларымен кездесуге келіп, өзінің отбасындағы тәрбие жөніндегі насихат әңгімелерін айтты. Дене шынықтыру пәнінің Ә.Байбусинов 7 «а» сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында отбасылық спорттық эстафеталық ойындар өткізді. Оқушылар ата-аналарымен бірдей сайысып, спорттық ойындардың денсаулыққа жақсы әсері бар екендігін мұғалім өз сайысының мақсаты етіп алғандығы айқын көрініп тұрды. «Отбасы- бақыт мекені» апталығы психологиялық тренингпен жалғасты. Ата –аналар мектепке келіп «Жанұясыз адам – бұл тамырсыз, сабақсыз, жапырақсыз және жеміссіз ағаш» атты тренингті Г.Сейдуалиеваның басқаруымен өткізілді. Ата-аналар өз ойларын психологпен бөлісіп, тренингтен жақсы әсер алғандарын айтты. Апталықтың қорытынды күні мектебіміздің сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі К.Құттыбекова және музыка пәні мұғалімі Қ.Мұратов пен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Арапованың ұйымдастыруымен «Шығармашыл отбасы» тақырыбында әдеби -поэзиялық кеш өткізді. Кештің бағдарламасы бойынша оқушы ата-анасымен қатысты. Кеш барысында қатысқан ата-аналар мен оқушылар мәнерлеп оқу, әндер айтып, «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында эссе жазды. Кештің соңына қарай жеңімпаз болған отбасы «Шығармашыл отбасы » номинациясына ие болды. Республикалық «Отбасы- бақыт мекені» апталығы мектептегі тәрбие бағытының «Ата-аналар мен балалардың бірлескен » қызметі саласы бойынша зор үлесін тигізді.
Алдағы уақытта отбасылық тәрбиені жандандыру мақсатында бағытқа сәйкес түрлі іс-шаралар өткіземіз деп жоспарлаудамыз.
Дайындаған: ДТІЖО И.Алайдарова